spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Зейнетақы жинағын алуға 11 мыңға жуық адам өтінім берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 10 500-ден астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды NEGE.

«Атап айтқанда, enpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданды», – деді баспасөз қызметінің өкілі.

Белгілі болғандай, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан сәл астам арнайы шот ашылды. Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында кеше зейнетақының бір бөлігін баспанаға жұмсау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мен «Отбасы банк» басшылары жиында көптің көкейінде жүрген басты сұрақтарға жауап берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img