spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Техникалық колледж студенттері UMC-750 аппаратының көмегімен ерекше бөлшек жасап шығарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақында Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі базасына Америка құрама штаттарының HAAS компаниясының өнімі UMC-750 аппараты жеткізілген болатын. Оқу орнына арнайы барған «Aqmola News» тілшілеріне бөлім мамандары аталмыш құрылғының көмегімен жасалған бөлшекті көрсетті. Оны құрылыста және темір аңғарлар мен қоймалар сияқты жеңіл конуструакцияларды құрастыру кезінде қолдануға болады.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Автоматтандыру компентациялары және өнеркәсіптік жабдықтарды қондыру орталығының өндірістік оқыту шеберлері Али Бузуртанов пен Вячеслав Кононов бұл деталь бүгінде сұранысқа ие екендігін айтады.

Шаруашылықтың маңызды салаларында қолданылатын бұл бөлшекті жасап шығару үшін бірнеше сағат жұмсалады. Ол үшін құрылғы сұйықтықпен шаю, айналдыру сияқты процестерді өткереді.

Бұл үлгіні біз студенттермен бірге құрастырдық. Егер үлгі толық аяқталса, мұны құрылыс нысандарында қолдануға болады. Ірі сауда үйлері мен базарлардың аңғарын бекітуде бұл бөлшектің қажеті болады. Көбінесе бұл төбелер мен шатырларды жалғағанда пайдаланылады,-дейді Вячеслав Кононов.

Бес осьтік әмбебап тік фрезерлік өңдеу орталығымен жабдықталған бұл құрылғы шаруашылықта қолданатын заттарды құрастыруда әр түрлі детальдарды дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол айналмалы станогі арқылы кез келген күрделі цилиндрлер мен біліктерді өңдей алады.

Вячеслав Кононовтың айтуынша, UMC-750 құрылғысы басқа құрылғылардың қауқары жетпейтін әр түрлі бөлшектерді шығара алады. Осы арқылы аймақтың сұранысын қамтамасыз ете алады.

Айта кетерлігі колледж базасына Америка, Швеция, Жапония сияқты елдердің озық технологиясымен дайындалған әмбебап құрылғылар орнатылған. Олардың  кәсіптік техникалық білім беруде оқыту-тәжиірбиелік жұмыстары үшін маңызы зор.

Құрылғының құны 79 миллион теңге. Оны сатып алу үшін қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img