spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
28.2 C
Kokshetau

Ақмолада жыл соңына дейін барлығы 92 840 адамға вакцина егіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде халықтың белгілі бір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда. Осы ретте, Ақмола облысында 2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен барлығы 92 840 адамға вакцина салынбақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, бірінші кезеңде вакцина жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, жансақтау, бастапқы медициналық санитарлық көмек бөлімшелерінің, аурухананың қабылдау бөлмелерінің, санитарлық – эпидемиологиялық қызметтің медицина қызметкерлерінен құралған 6 916 адамға салынатын болады.

Наурыздан бастап екінші кезең басталады. Бұдан соң жалпы білім беретін мектептер мен университеттердің мұғалімдері мен оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметтердің қызметкерлеріне (барлығы 62 611 адам) вакцина салынады.

Сәуір айынан бастап вакцинаны мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – барлығы 10 368 адам ала бастайды.

«2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен Ақмола облысының 92 840 тұрғынына салынады. Осы ретте, ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылады», – деді Айнагүл Мусина.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, ақылы вакцина салу бойынша мәселе әлі шешілуде, әзірге вакцинаны ақылы түрде сатып алу мүмкін емес.

Өйткені, бүгінгі таңда Қазақстанға тәуекел тобындағыларға тегін вакцина салу үшін бір реттік әкелуге рұқсат етілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика