spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

«Отбасы банкі» зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайтты жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол – enpf-otbasy.kz. Бұл – БЖЗҚ-мен біздің бірлесе атқарған аса ауқымды жұмысымыз. 2020 жылдан бері осы ауқымды жұмысты бірлесе атқарып келеміз. Сол себепті сайттың атауында екі органның да атын енгізуді жөн деп шештік. Қазір оған кірсеңіз, сервистің 23 қаңтардан сағат 09.00-де жұмысты бастайтыны жазылып тұр. Сервис толығымен дайын. Кеше редакциялық өзгерісті енгіздік», – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика