spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметі уақытша тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы қаулыға сәйкес, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және басқалар) қызметіне тыйым салынады. «Келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда ауданы 1000 шаршы метрден артық азық-түлік сатпайтын дүкендердің қызметі сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Сонымен бірге, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда ондағы азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі күндері ауданы 1000 шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмысын тоқтады» делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақ сақталған жағдайда супермеркеттер мен гипермаркеттер жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Қаулы 2021 жылғы 23 қаңтар сағат 00:00 кезінде күшіне енеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика