spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Бурабай» спорт сарайынан өрт «шықты»

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылғы 20 қаңтарының түнінде «Бурабай» спорт сарайында Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қалалық бөлімшелерінің құтқарушылары демалыс бөлмесінен «шыққан» өртті сөндіру бойынша  тактикалық оқу-жаттығуын өткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл нысан адамдар көп жиналатын объект болып табылады.

Оқу-жаттығуды өткізудегі мақсат – адамдар көп жиналатын объектілерде өрт сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет гарнизоны жеке құрамының дағдыларын жетілдіру, гарнизонның жұмыс персоналымен және басқа қызметтермен өзара іс-қимылын пысықтау, жануды жою кезінде жеке құрамның ТОЖҚҚ-ға қосу, адамдарды құтқару, эвакуациялау және ТМҚ-ны өрістету тәсілдерін пысықтау,-делінген ресми хабарламада.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша демалыс бөлмесіндегі шартты өрт «Бурабай» спорт сарайы ғимаратында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен туындады.

Өрт нәтижесінде қабатта және баспалдақтарда қатты түтін пайда болды. Адамдарға қауіп төніп, өрт көрші бөлмелерге ауысты.
Аталмыш өрт орнына шығу кестесіне сәйкес, оқиға орнына Көкшетау қаласының өрт сөндіруші – құтқарушыларының жауынгерлік есептері, АМО реанемобилі, жедел медициналық жәрдемнің 1 каретасы және полиция департаментінің 1 бірлік техникасы жіберілді.

Құтқарушы бригада жеткенде өрт тауарлық-материалдық құндылықтар тарап, еден бөлмелері мен баспалдақтар қатты түтіндеп жатты.

Спорт сарайының өз күзет қызметі өрт сөндіргіштердің көмегімен және өрт кранынан жұмыс желісі арқылы өз бетінше сөндіруге тырысқан, бірақ қатты түтіндеудің салдарынан олар мұны орындай алмаған.

Барлау барысында өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды, олар АМО реанемобиліне және жедел жәрдем көлігіне берілді.
Шыққан өртті жоюға барлығы 10 бірлік техника мен жеке құрамның 48 адамы жұмылдырылды.

Осылайша, құтқарушылар түнгі уақыттарда болатын объектілерден шыққан өртпен күресте өздерінің кәсіби дағдыларын пысықтады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img