spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Вакцинация коронавирусты жеңудің жалғыз тиімді шешімі – Сәкен Әміреев

Сондай-ақ...оқыңыз

Вакцинация коронавирусты жеңудің жалғыз тиімді шешімі. Мұндай пікірді медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаппай вакцинациялау – бұл мәселенің бір ғана дұрыс әрі тиімді шешімі. Бұл ретте жатыр мойны обырысы және өзге де ауыруларды тудыратын табиғи шешек, полиомиелит, вирусты гепатит, қызылша, эпидпаротит, пневмокок пневманиясы сынды ауыр инфекциялармен күресте жаттай вакцинациялау жоғары тиімділігін көрсеткендігін мысалға алуға болады. 1980 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өте қауіпті инфекция саналып келген табиғи шешектің толықтай жойылғанын жариялады. Жер бетінің барлық тұрғындарын жаппай вакцинациялау аурудың алдын алумен қатар табиғи шешек түріндегі вирустың да жойылып кетуіне септігін тигізді», – деді ол коронавирустың жаңа толқынын талқылауға арналған дәріс барысында.

Сонымен қатар ол Қазақстанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталып, жүріп жатқанын баса айтты.

«Ауруға шалдығудың біршама төмендеуі шектеу шараларының арқасында мүмкін болды. Дегенмен, аталған шаралар жеңілдетілгеннен кейін науқастану көрсеткіші қайта өрши бастады Бұл жайт карантин режимін жеңілдету туралы қабылданған шешімнің уақытынан бұрын орын алғандығын көрсетеді», – деді С.Әміреев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика