spot_img
Сейсенбі, Қазан 28, 2025
4 C
Kokshetau

Тоқаев қоғамда дау тудырған заң жобасына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасын өткен аптадан бері қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Заң жобасына қатысты қоғамдағы бір топ «салт-дәстүрімізге қарсы» десе, келесі бір белсенділер «аталған заң арқылы балалар мен әйелдер құқын қорғауға ие боламыз» дегенді алға тартып отыр.

Бүгін қоғамда дау тудырған заң жобасына қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», – деп жазды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Мәжілісте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен қазіргі заңдарға енетін өзгерістер бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Заң жобасын таныстырған депутат Ирина Үнжақованың айтуынша, бірінші заң жобасының қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттары бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика