spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
20.4 C
Kokshetau

Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов медициналық сақтандыру қажаты есебінен вакцина қабылдауға болатын-болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге сақтандыру қоры есебінен вакцина қабылдауға болатын-болмайтыны туралы сұрақтар келіп түседі. Бірден айтып өтейін, вакцина егуді қамтамасыз ету бұл қордың құзіретіне кірмейді. Бұл мәселемен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айналысады, онда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті де қарастырылған. Жақында министр вакцина егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Осыған қатысты барлық ақпаратты сол министрліктен ала аласыздар», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Еске сала кетсек, ол осы брифингте Медициналық сақтандыру қоры пандемия кезінде міндетін толық орындағанын айтқан болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика