spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
7.2 C
Kokshetau

Вакцина алуға ешкім мәжбүрлемейді-Нариман Сыздықов

Сондай-ақ...оқыңыз

 COVID-19-ға қарсы вакцинасын алушылардың ақпараттық келісімі ескеріліп, ағзаның аллергияға қарсы реакциясы тексеріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Сыздықов Нариман жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап  жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастайды. Бұл туралы 19 қаңтар күнгі үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлаған еді.

Ақмола облысы тұрғындарына вирусқа қарсы екпе егу қалай жүзеге асырылатындағын Нариман Сыздықов түсіндірді.

Оның айтуына қарағанда, бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, аурухананың қабылдау бөлмесінде істейтін қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына вакцина салынады.

Содан соң мұғалімдер, білім беру мекемелердің қызметкерлері, балаларға арналған мекемелердің және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне екпе егіледі.

Үшінші кезеңде денсаулық сақтау мекемелерде арнайы есепте тұрған науқастар мен созылмалы аурумен ауыратын тұрғындарға салынады,-деді спикер.

Вакциналау ерікті түрде жүргізіледі,  өз еркімен келісім берген тұрғындарға екпе салынады деді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img