spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола мектептерінде карантин күшейтіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының білім беру объектілерінде карантиндік шектеулерді күшейту жоспарлануда. Бұл мәселе бүгін өңірлік жедел штаб отырысында қаралмақ. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Эпидахуалдың нашарлауына байланысты білім беру мекемелерінде карантиндік шараларды күшейтуге тура келеді.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін мектеп жасындағы 31 балада коронавирус анықталған.Ал, 1 қыркүйектен бастап 268 бала ауырған.

Үшінші тоқсанның басталғаны енді ғана болғанына қарамастан, бүгінде 32 бала КВИ-мен ауырып үлгерді.

«Бүгін ӨЖШ отырысында білім беру объектілерінде карантиндік шараларды күшейту мәселесі қаралады. Бұл мәселе Комитетпен келісіледі. Біз жалғыз шешім қабылдай алмаймыз. Бәрін қарастырғаннан кейін біз шаралар қолданамыз», – деді Мусина

Ол өңірдегі эпидахуал тұрақсыз екендігін баса айтты. Бүгінде Ақмола облысы қызыл аймаққа өтті.

Жыл басынан бері өңірде 1311 адам аталмыш індетті жұқтырды. Бүгінде 606 науқас стационарлық ем қабылдауда, оның 392-сі амбулаторлық ем алуда.

Спикердің айтуынша, өткен тәулікте 108 жағдай тіркеліп, өсім 1,3 пайызды құраған.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img