spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егіледі?

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады. «Контингент келесі тәртіпте белгіленген: бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің мамандарына, жан сақтау бөлімінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің, ауруханалардың қабылдау бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына, нақтырақ айтқанда 100 мыңға тарта азаматқа вакцина салынады», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметінің мамандарына, нақтырақ айтқанда наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі.

Үшінші кезеңде мектеп-интернаттарының педагогтеріне, балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне, студенттерге, созылмалы аурулары бар азаматтарға (сәуірден бастап шамамен 600 мың адам) вакцинациялау жүргізіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика