spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қазақстанда киім өндірісі импортқа тәуелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Киім өндірісі 2020 жылдың 11 айында айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратENEGRYPROM.KZ порталына сілтеме жасап.

Свитер, жемпір, кардиган, желетке және сол секілді тоқыма өндірісі жылына 40,8%-ға, 90,5 мыңға дейін қысқарды. Емізулі балаларға арналған киім 40,1%-ға, 14,6 млн теңгеге азайды.

Машинамен немесе қолмен тоқылатын сырт киім өндірісі 39,4%-ға, 87,4 мыңға, шұлық 25,2%-ға, 10,7 млн-ға дейін қысқарған. Бас киім мен қалпаққа сұраныс, керісінше, артқан. Өсім жылына 54,1%-ды немесе 12 млрд теңгені құрайды.

Бағасы бойынша 2020 жылдың 11 айында бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 40,6 млрд теңгеге – 10,2%-ға көбірек киім өндірілген. Ал шынайы өсім өткен жылмен салыстырғанда – 3,7%. Өңірлер бойынша Алматы облысы, Шымкент және Алматы қалалары көш бастап тұр.

Бұл өңірлерде «Glasman» ЖШС, «Арлан 777» ЖШС, «ТФ Ажар» ЖШС, «Медиатекс-Н» ЖШС, «Texti Market» ЖШС, «Демеу-Арна» ЖШС, «Техноавиа-Қазақстан» ЖШС, «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы, «Нурдан» компаниясы, «Әлем-БТ» ЖШС сынды компаниялар жұмыс істейді. Сұраныс (экспорт пен ішкі нарықтағы сауда) толығымен импортшыларға тәуелді. Оның ішінде, 2020 жылдың он айының мәліметі бойынша іш киім нарығының 98,9%-ы, емізулі балаларға арналған киімнің 99,7%-ы, тоқылған сырт киімнің 99,5%-ы, свитер, жемпір сынды тоқыма өнімдерінің 98,8%-ы, шұлықтың 95,5%-ы және спорттық киімдердің 73,2%-ы импортқа тиесілі.

Қазақстанға әкелген жеңіл өнеркәсіп өнімі экспорттан 30 есе асып түседі. Шетелдік өндірушілер елімізге 1 195 млрд доллар тұратын тауар жеткізген. Ал қазақстандық экспортшылар 41 млн доллардың ғана тауарын сатқан. Қазіргі уақытта Қазақстандағы тігін мекемелері мемлекеттік тапсырыс есебінен қызметін тоқтатпай отыр. Онсыз да мәз емес жағдайды пандемия тіпті қиындатып жіберді. ТМД елдерінен елімізге 18,1 мың тонна киім әкелінген. Олардың арасындағы негізгі импортшылар Өзбекстан мен Ресей. Басқа елдерден сомасы 350,8 млн доллар тұратын 44,2 мың тонна киім жеткізілген. Әлемнің басқа елдерінен келген импорттың 85,1%-ы Қытайға тиесілі. 2020 жылдың қарашасының қорытындысы бойынша киім мен аяқ киім бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өскен. Әсіресе Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл тауарлар айтарлықтай қымбаттаған. Сырт киім жылына 4,7%-ға, оның ішінде ерлердің киімі 4,6%-ға, әйелдердікі – 5%-ға және балалардың сырт киімі 4,2%-ға қымбаттады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img