spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген. Вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина ұйымдарына дейін арнайы стандарт жауапкершілік жүктелетін азаматтарды белгілейді», – деді деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады.

• Бірінші кезең – өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу;

• Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу;

• Үшінші кезең – денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу;

• Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау.

Айта кетейік, бұған дейін министр вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика