spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық полиция жолда қалған қостанайлықтарға көмектесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының полициясы жолда қалған Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қатты аяз бен температураның төмендеуіне байланысты өңірдің тәртіп сақшылары апта бойы автомобиль жолдарында кезекшілік етіп, жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек қолын созуда.

«Сондай жағдайдың бірі, қаңтардың 16-да тіркелді. Онда Нұр-Сұлтаннан Қостанайға бағыт алған «КамАЗ» жүк көлігі «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 7-ші шақырымында істен шыққан. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы тоғыз сағат бойы көмек күткен. Жолай өтіп бара жатқан көліктер тоқтамаған», – деді ведомстводан.

Осы кезде, Ақмола облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция лейтенанты Қуаныш Толтанов пен Мират Шәйімов жол шетінде тоқтап тұрған көлікті көріп, көмекке келген. Анықталғандай көліктің аккумляторы істен шыққан екен. Сол себепті, тәртіп сақшылары жолда өтіп бара жатқан өзге жүк көлігін тоқтатып, сынған «КамАЗ» көлігін діттеген жеріне сүйреп жеткізуге көмектесті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика