spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Африкада қар жауды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сахара шөліне қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сап-сары құмы бар Сахара шөлі күтпеген жерден ақ ұлпа жамылған. Негізі әлемдегі ең ыстық жерлердің бірі саналатын бұл аймаққа қар түгілі, бір тамшы жаңбырдың өзі өте сирек жауады. Алжирдің Айн-Сефра қалашығында ауа температурасы минус 3 градусқа дейін суытқан. Бұл елді мекенде қар соңғы 42 жылда 3-ақ рет түскен. Ақ ұлпа алғаш 1979 жылы, сосын 2017-2018 жылдары жауған.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Айн-Сефрадағы қардың қалыңдығы кей жерде 1 метрге дейін жетеді. Африкадағы тосын табиғи құбылысты америкалық метеоролог мамандар зерттеуге кіріскен. Олардың пайымдауынша, Сахарада қардың түсуіне ғаламдық климаттық өзгерістердің әсері бар. Тіпті ғалымдар бұл шөл 15 мың жылдан кейін жасыл желекке айналуы мүмкін деген болжам айтады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика