Көкшетау қаласының тұрғындары,белсенділері, еріктілері, блогерлері мен жастары «Туған қалаға көмектес!», «Қарды тазартуға көмектес!», «Кел, шәй ішейік!» акцияларын бастады. Мемлекеттік қызметкерлер де бұл шараларды қолдап, мекеме алдын қардан тазартуға шықты,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Өткен тәулікте нормадан артық жауын-шашын түсті. Осыған байланысты, көлік пен жаяу жүргіншінің кедергісіз қозғалысы үшін Көкшетау қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар тазалау жұмыстарын жүргізуде.
» Мұның бәрі біздің қаламыздың біртұтас екенін және қиын сәттерде қала тұрғынының бірігетіндігін тағы бір рет көрсетеді. Өткен жылы біз адамдардың бір-біріне көмектесуге қалай асығып жатқанына бірнеше рет куә болдық. Қаланың шынайы патриоттары бұл жолы да шетте қалмады! Бірге болсақ, алынбайтын кедергі жоқ!»-дейді бастамашы топ белсенділері.

