Елімізде биылғы жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы деп жарияланған. Осыған орай өңірдің бірқатар аудандарында түрлі шаралар қолға алына бастады. Солардың бірі Ақкөл аудандық кітапхаасында «Бір ел – бір кітап» акциясы қолға алынып, биыл қалың оқырман оқуы үшін 30 кітап таңдап алыныпты, деп хабарлайды «Aqmola News».
Ал, Новорыбин модельдік ауылдық кітапханасы аталған акция шеңберінде тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмесі ұйымдастырылған. Кітапханада «Что душу к небесам подъемлет…» атты кездесу ұйымдастырылған.
. «Шара барысында кітапханашы оқырмандарды Тұрысбек Сәукетаевтың «Желқайық» («Парусник») романымен таныстырды. Бұл көп салалы, күрделі шығарма, қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің үлкен жетістігі. «Желқайық» автордың «Қилы тағдыр» романдар топтамасындағы үшінші роман. Бұл шығарма 12 тараудан тұрады. Романның әр бөлімінде автор әр түрлі кейіпкерлердің тағдыры туралы айтады. Кітапта кейіпкерлер көп болғанымен, әрқайсысының өз орны, өзіндік болмысы және, әрине, кейіпкерлердің махаббат тарихы бар. Бірнеше сюжеттік желілерге қарамастан, олардың барлығы өзеннің бір арнасында қиылысады. Өз романында автор, әлі күнге дейін адамдарды жылататын, өткеннің қайғылы тақырыптарына назар аударады», – дейді шараны ұйымдастырушылар.
«Желқайық» – бұл қазақ қоғамының мызғымас күші туралы роман. Аудандық кітапханалар жүйесі аталған акцияны одан әрі өткізуге ниетті.