spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

18 қаңтардан ЖОО-ларда қандай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды?

Сондай-ақ...оқыңыз

18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарында қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті – 619 861 адамды құрайды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарында оқыту процесі қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді», – деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша осы жылдың 18 қаңтарынан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайды.

«Нақтырақ айтқанда, лекциялар онлайн форматта ұйымдастырылады. Ал семинарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта оқиды. 2, 3, 4-інші курс студенттері үшін оқу форматы бұрынғыша қалады. Жоғары оқу орындары осы форматта студенттерді қабылдауға дайын», – дейді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика