spot_img
Жексенбі, Қазан 20, 2024
3.2 C
Kokshetau

Өткен жылы жел электр станциясы бойынша бірнеше жоба жүзеге асқан

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылы облыста жаңартылған энергия көздерін дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асты. Өткен жылды қорытындылаған Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қол жеткен жетістіктерін баян етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыста өткен жылы жүзеге асырылған жобалар шеңберінде шалғай ауылдарда жел электр станциялары салынып, кабельдік электр желілері тартылған.

Мәселен, Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жекеменшік инвесторымен қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясы құрылысының 2 жобасы жүзеге асқан. Осыған дейін тағы бір кешен пайдалануға берілген.

«Жоба шеңберінде Қостомар ауылына таман қуаты 3,45 Мвт болатын 15 жел турбиналары орнатылды. Мұнараларының биікті 80 метр, ал желдеткіш қалақшасының ұзындығы 117 метрді құрайды. Негізгі құрал-жабдықтар Дания, Италия және Германия елдерінен сатып алынды. Ішкі және кірме жолдар салынып, 33 шақырымды құрайтын кабельді электр желілері орнатылды. Қосалқы станцияда күшті трансформатор қойылды. Жобаны жүзеге асыру кезінде қолданылатын технологиялық инновациялар энергия жүйесіне толықтай бақылауға , сондай-ақ электр станциясындағы жұмысты жергілікті жерде де, қашықтан да басқаруға мүмкіндік береді , – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко.

Аталған жел электр станциясы құрылысының арқасында 100-ге тарта адам жұмысқа орналасып, оның 20-сы тұрақты жұмысқа ие болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ өңір экономикасы жобаға 82,5 миллиард теңге бөлген Нидерланд мемлекетінің «Metal BV» акционерлік қоғамы компаниясы ірі инвесторының қолдауына ие болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img