spot_img
Жұма, Ақпан 6, 2026
-16.8 C
Kokshetau

«Дипломмен ауылға!»: Сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданының әкімдігі 2021 жылға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялады. Ауданның ауылды жерлеріне округтердің әкімдік аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, мәдениет, агроөнеркәсіп салалары бойынша жас мамандар қабылдайды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аудан әкімдігі ауылдарға мемлекеттік бағдарлама арқылы төмендегі мамандықтар бойынша мамандар қабылдайды:

Жалпы практика дәрігері-1
Дәрігер терапевт -1
Дәрігер хирург-1
Дәрігер акушер гинеколог -1
Дәрігер педиатр -1
Зертханашы-1
Зертханашы-бактериолог -1
Фельдшер-6
Медициналық статист-1
Акушер-1
Массажист-1
Медбике
Әлеуметтік қызметкер-1
Ветеринар-1
Бастауыш мұғалімі -18
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі-11
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі -3
Ағылшын тілі мұғалімі-10
Математика пәнінің мұғалімі-4
Химия, биология пәндерінің мұғалімі-5
Физика пәнінің мұғалімі-2
География пәнінің мұғалімі-1
Тарих пәнінің мұғалімі-3
Информатика пәнінің мұғалімі-3
Ән-күй пәнінің мұғалімі-3
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі-2
Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі-1
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі-1
Дене шынықтыру және спорт мұғалімі-6
Педогог хореограф-1
Қосымша білім беру педагогы-1
Психолог-2
Әлеуметтік педагог-1
Кітапханашы-2
Вожатый-2
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі -4
Қазақша күрестен жаттықтырушы -1
Тоғыз құмалақ бойынша әдіскері -1
Тілдерді оқыту саласының маманы-1
Дыбыс режиссері-1
Бағдарламаларды құрастыру бойынша маман -1

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қабылданатын жас мамандарға  көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі,-делінген әкімдік тарапынан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа қызмет ашылды

Облыста алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ерте қолдау қызметі кабинеті өз жұмысын бастады. Бұл қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика