ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин сайлау заңнамасын бұзу туралы әлеуметтік желілерде тараған материалдарға қатысты түсінік берді.
«Бүгін таңнан осы уақытқа дейін прокуратура органдарына дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағымдар мен арыздар түскен жоқ. Дегенмен жекелеген адамдар әлеуметтік желілерде жасанды резонанс тудыру мақсатында «бүгін орын алған деп» сайлау заңнамасын бұзушылықтары туралы жалған материалдарды таратуды. Біз осы материалдарды тексердік. Олардың қазіргі сайлау науқанына қатысы жоқ», – деді Азамат Сарғазин ОКҚ-да өткен баспасөз мәсихатында.
Оның айтуынша, WhatsApp мессенджері арқылы сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшелері алдын ала қол қойған бюллетеньдер табылған бейнежазба таралған. Бұл одан бұрын өткізілген сайлау кезінде Нұр-Сұлтан қаласында сайлау учаскелерінің бірінде жүргізілген ескі жазба екені анықталды. Сондай-ақ Facebook желісін пайдаланушы «Қазақстанда бұрмалау басталды» деген пікірмен жәшікке бюллетеньдерді салудың бейнежазбасын орналастырған.
Алайда материалдарды зерделеу нәтижесі бұл видео Ресей елді мекендері бірінің сайлау учаскесінде жазылғанын көрсетті. «БАҚ-ты немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салғым келеді. Сайлау процесі заңдылығын сақталуын қадағалау жалағасып келеді», – деді Азамат Сарғазин.