spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32 C
Kokshetau

Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын. Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді. Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді», – дейді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі.

«Православ христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін! Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын», – деді Асқар Мамин.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика