Температура режимі – қыста өзекті мәселе. Бірнеше апта бұрын Державинск қаласының Молодежный шағынауданына барған кезде тұрғындар пәтерлеріндегі төмен температура туралы айтқан болатын.
Жергілікті атқарушы органдар бұл аудандағы қазандық жұмысын ұйымдастыра алды. Сондай-ақ, Жарқайың «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жарқайың аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Әлжанов Асылхан жергілікті атқарушы органдармен бірге көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Мемлекеттік қызметтер әр отбасына қолжетімді болуы тиіс. Тиісті органдар жаңа тұрғын үй құрылысына белсенді қолдау көрсетуде.
«Nur Otan» партиясы тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы отбасы институтын нығайту қажет деп санайды.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 560 адам тұр, оның ішінде жетім балалар– 192.
Ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 21,4 шаршы метрге жақсарды, «Nur Otan» партиясы бұл көрсеткішті 2025 жылы 23,2 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.
Бұл үшін «Nur Otan»партиясы жыл сайын 1,1% өсіммен 5 жылда 36,6 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр:
жалпы ауданы 6,1 мың ш. м. (Державин қаласында) 460 пәтерлік 6 тұрғын үйді қайта жаңарту;
10,2 мың ш. м. жеке тұрғын үй құрылысын іске қосу;
көп пәтерлі және жеке тұрғын үй үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салу.
Ақмола облысы Жарқайың ауданы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қаражатынан төленді.