spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мал ұрлығымен айналысқан атбасарлық тұрғын ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полициясының қызметкерлері «Мал ұрлығы» ЖАІШ кезінде ұрлықты ашты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 3-5 қаңтары аралығында Ақмола облысының аумағында мал ұрлығымен айналысатын адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық қудалауға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

Осы кезеңде полиция мал сою орындары мен ет өнімдерін сату орындарын тиісті құжаттардың болуына тексереді. Сонымен қатар ЖАІШ аясында ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғындармен мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелер өткізеді.

Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атбасар өңірінің полициясы мал ұрлығын анықтады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2021 жылы 4 қаңтарда аудан тұрғыны полицияға 2019 жылдың қыркүйек айында құлынымен биені белгісіз біреу ауылдардың бірінің маңында еркін жайылымнан ұрлап әкетті деген арызбен жүгінген.

Шығын мөлшері шамамен 500 мың теңгені құрады.

Есепте тұрған контингентті, сондай-ақ мал тасымалдаумен, ет өнімдерін сатумен айналысатын адамдарды тексеру барысында полиция күдіктіні анықтады. Бұл 37 жастағы аудан тұрғыны болып шықты, ол қылмыстық мойындады. Әңгіме барысында белгілі болғандай, ер адам ұрлық жасап, содан кейін малды жергілікті ЖШС-нің біріне сатқан.

Айтпақшы, күдікті бұған дейін осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ер адамға қатысты «Келу туралы міндеттеме» процедуралық мәжбүрлеу шарасы қолданылды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстың бұл түрін ашу, әдетте, жәбірленушілердің полицияға уақтылы жүгінген жағдайда тиімді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғындарына қырағылық танытып,малды қараусыз қалдырмауға, өз алаңдарын нығайтуға, мал саудасына және ұжымдық мал жаюды ұйымдастыруға кеңес береді.

Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда жедел түрде полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз. Бұл қылмыстың «ізі суымай» ашылып, күдіктілерді тез ұстауға көмектеседі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img