spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Біржан сал ауданы Аңғал батыр ауылына сапалы ауыз су тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық дамыту бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты бағыттарының бірі сапалы ауыз сумен қамтып, су бұру қызметтерін оңтайландыру болып отыр,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бағдарламаның міндеттерін орындау және Біржан сал ауданы Аңғал батыр ауылының тұрғындарын орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр-желтоқсан айларында «Біржан сал ауданы Аңғал батыр ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту»жобасы іске асырылды.

Жобаның жалпы құны 466,5 миллион теңгені құрады.

«Көкшетаугидрогеология» АҚ бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізді.

Салынған су құбырының бөлу желісінің жалпы ұзындығы 14,9 км, су таратқыштың ұзындығы 1946,0 метрді құрады.
Барлығы 119 қарау құдықтары орнатылып, сорғы станциясы салынды. Осының нәтижесінде  168 үйге, ауылдық округ әкімдігіне және  1 мектеп, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мешітке су тартылды.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 100%-ға орындалып, аяқталды.  Барлық іске қосу-реттеу жұмыстары табысты жүргізілді.

Жақын арада объекті пайдалануға берілмек.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде Аңғар батыр ауылы «тіршілік нәрімен» толық қамтамасыз етіледі. Осылайша ауыл халқының өмір сүрк сапасы  жақсарады деп күтіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда нашақорлықтың алдын алу бойынша ауқымды акция өтті

Іс-шара құқық қорғау органдары мен белсенді жастарды біріктірді. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыра отырып, ақмола өңірінің есірткі күресшілері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика