spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
10.3 C
Kokshetau

Қазақстанның үздік он жоғары оқу орындары анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл қорытындысы бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингтік көрсеткіштері жарияланды. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша өткен зерттеуді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған рейтингке Ішкі істер және Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты жоғары оқу орындары кірмеген.

Сонымен рейтинг нәтижесі бойынша үздік ондыққа төмендегі университеттер табан тіреді:

  1. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.

«108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысты. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді», – дейді академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметінен.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img