spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
22.2 C
Kokshetau

5 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 5-і күніне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясында ауа райы өзгермейді, яғни бүгін Солтүстік антициклон жотасының ықпалынан еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын-шашын болмайды.

Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі..

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болады, Алматы облысының слтүстігінде өте қатты аяз сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында сауда саласын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика