Ақмолалық биатлоншылар Қазақстан чемпионатында 28 медальға ие болды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Спортшылардың қоржынында 10 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлде бар.
Бұл туралы Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Алматы қаласында биатлоннан өткен Қазақстан Республикасының кубогында ақмолалық спортшылар жалпы есебі 28 медальға қол жеткізді. «Аралас эстафета» бәсекесінде жастар арасында Арина Крюкова, Инга Мартенс, Бирюков Александр и Данила Червенко чемпион атанса, ересектер арасында Алина Коломиец, Дарья Синяковская, Владислав Малыков и Антон Башкиров қола жүлдеге табан тіреді.Сондай-ақ, жастар арасындағы микроэстафетада Алина Скрипкина, Владимир Еремин алдына қара салмады. Ал күміс Арина Куприянова мен Руслан Амурлаевтың еншісіне тиді.
Ерлер арасындағы спринт жарысында Петр Ермоленко екінші орын иеленсе, үштікті Бекентай Тұрлыбеков түйіндеді. Жастар арасында Владимир Еремин күміс, Данил Червенко қола жүлдеге қол жеткізді. Ал әйелдер арасында қола жүлде Арина Крюковаға бұйырды. Күміс Алина Скрипкинаның еншісінде. Жастар Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Генадий Макаровтың жастар командасының аға жаттықтырушысы Юрий Викуловтың басшылығымен жаттықан.