Партия атынан депутаттыққа үміткерлер күнделікті тұрғындармен жүздесіп , халықтың тұрмыс – тіршілігімен танысып, бағдарламаны түсіндіруде. Тұрғындар алғыс – тілектері мен өтініштерін білдіріп, алдағы сайлауда алға қойған мақсаттар орындалады деп сенуде.
Әрдайым кез – келген азаматқа қол ұшын беруден тайсалмайтын партияның белсенді мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы халық игілігі үшін еңбек етуді міндетім деп санайды. Кез – келген кездесу кезінде , халық мүддесін жоғары қоятын азамат. Жастармен , ауданның зиялы қауым өкілдерімен, қарапайым жұмысшылармен кездесіп, өткір мәселелерді шешу жолында құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс жасайтындығын алға тартты.
Қазіргі таңда басты мақсатымыз – дағдарысқа қарсы тұру керекпіз деді. «Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайтын партия . Нағыз іспен көрсететін партия екендігін дәлелдеп келе жақтан партия.
Сапар Ибрагимұлы сайлауалды бағдарламаны таныстыру барысында мүмкіндігі ереше жандарға барынша жағдай жасалады деді. Жұмыспен қамтып, әлеуметтік көмек көрсетіледі деп сөзін түйіндеді.
Бізбен бірге болыңыздар! Жарқын болашақтың кепілі – «Nur Otan» партиясы!
Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.