spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Бұланды ауданында Волонтерлер жылы қорытындыланды

Сондай-ақ...оқыңыз
Бұланды ауданында еріктілер жылының қорытындысы шығарылып, бірқатар еріктілер марапатқа ие болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Аудан әкімінің орынбасары Кенжебике Исмағамбетова өз сөзінде еріктілердің тынымсыз жұмысының маңыздылығын және олардың пандемиямен күреске қосқан үлесін атап өтіп, аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың алғыс хатын және  ескерткіш сыйлықтарын табыс етті.
Өтіп бара жатқан жыл Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі еріктілер үшін де маңызды жыл болды. Пандемия кезінде барша еріктілер, оның ішінде бұландылықтар да өздерін жақсы жағынан көрсете алды. Олардың көмегін коронавируспен ауырған көптеген адамдар ғана емес, сонымен қатар, аз қамтылған және мұқтаж отбасылар да сезіне білді,-делінген хабарламада.
Жастар ресурстық орталығының маманы Шынар Заманбектің айтуынша, ауданда «Mersi» еріктілер қозғалысы жұмыс істейді. Ұйымның құрамында 20-ға жуық ерікті бар.
Аудандағы ең жас ерікті 14 жаста.
«Мersi» еріктілер қозғалысы пандемия кезінде провизорлық стационаларда науқастарға көмектесті. Олар ауырғандарға қымыз үлестіріп, науқастарға дәрі-дәрмек тасыды.
Үйі өртеніп, дүние-мүлкі мен киім кешегінен айырылып қалған отбасы үшін қаржы жинақтап, қолдау көрсетті. Отбасы мүшелерін куртка, аяқ киім сияқты қажеттіліктермен қамьамасыз етіп, қосымша16 мың теңге ақшалай қаражат табыс етті,-дейді Шынар Заманбек.
Бұдан бөлек,2013 жылы құрылған «Жас Отан» ұйымы қоғамдық іс-шараларға белсене араласады. Аудан жастары жыл сайынғы «Ардагерлерді ардақтайық» акциясына қатысып, зейнеткерлерге қол ұшын беріп тұрады.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img