spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Balapan» телеарнасынан «Ақылды тентектер» анимациялық фильмі көрсетіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Жуырда «Balapan» телеарнасынан балаларға арналған «Ақылды тентектер» анимациялық фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі.

Мультфильм қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін, мәдениетін балаға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізіп, қазақ тілін насихаттауға бағытталған. Толық 3d форматындағы анимациялық фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Dala animation» компаниясы әзірледі.

Жобаны әзірлеу үшін байқау жарияланып, техникалық талаптарға сәйкес келген компания таңдалды. Кейіпкерлердің бейнесін бекіту мақсатында 30-ға жуық эскиз салынып, солардың ішінен басты кейіпкердің түр-тұлғасы анықталып, кейіпкер бейнесі бекітілді. Кейіпкерлер ұлттық киім үлгісінде киінетін болғандықтан, қазақтың ұлттық киімдері туралы еңбектер зерделеніп, 300-ге жуық киім үлгісі қаралды.

Басты кейіпкерлер – Марал, Інсін, Суыр, Бұлан. Олар қазақтың кең даласында еркін ойнап жүріп, өзгелерді ойланып әрекет жасауға шақырады. Бірлік, достық, сабырлылық, ең бастысы, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп өсіп келе жатқан кейіпкерлердің бейнесі балаларға үлгі болары сөзсіз. Анимациялық фильм 10 сериядан тұрады. Әр серияның ұзақтығы 5-7 минутты қамтиды.

Анимациялық фильмнің әнін сазгер Ғалымжан Секеев, сөзін ақын Жанат Әскербекқызы жазды. Жобаның режиссері – 2019 жылы өткен «Әмен» анимациялық кинофестивалінің бас жүлде иегері Дильшат Рахматуллин, сценарисі – Ая Әлімбаева. Сарапшы-редакторлар – филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлыхан Аитова.

Жоба жетекшісі әрі продюсері – Мөлдір Бақытқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img