spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
15.3 C
Kokshetau

«Сары-Арқа» магистральді газ құбырын салу жобасына Ақмола облысының бірқатар аудандары кіреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Сары-Арқа” магистральдық газ құбырын тарту үш кезеңге жоспарланған. Бұл жобаға сәйкес, Көкшетау мен Щучинск-Бурабай куроттық аймағын қоса алғанда, Ақмола облысының негізгі бөлігін газдандыруға мүмкіндік бермек деп хабарлайды “Aqmola News”.

“Сары-Арқа” магистральдық газ құбырын салу жоспарына сәйкес, өңірдегі жүріп жатқан газдандыру жұмыстары туралы ӨКҚ-де өткен брифингте айтылды.

Жер қатынастары басқармасының жетекшісі Алмагүл Кадралинаның айтуынша, 2018-2019 жылдарды қамтитын қаулыларда жалпы ауданы 267,1 гектар аумаққа газ құбырларын тарту қарастырылған.

Спикердің сөзінше, жоспарға сәйкес, бірінші кезең Аршалы, Целиноград, және Шортанды аудандарын қамтыса, екінші кезең Нұр-Сұлтан-Көкшетау автомобиль жолының бойында орналасқан аудандардың аумағы бойынша жүзеге асырылмақ.

2020 жылғы 28 тамызда Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Зеренді, аудандарының аумағында жалпы алаңы 12 516,8 гектар жерді резервке қою туралы қаулы қабылданды,-деді брифинг барысында Алмагүл Каддралина.

Еске сала кетсек, “Сары -Арқа” магистральдық газ құбырын салу мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып жүзеге асырылатын жоба.

Бұл жобаға негізінен, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР орталық және солтүстік өңірлері кіреді.

“Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Нұр-Сұлтан” бағыты бойынша газ құбырын салу жұмыстары жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика