spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Өз үйім – өлең төсегім!

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы Атбасар аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Рахимов Атбасар қаласының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Онда негізінен, құрылыс пен қолжетімді баспана жайлы кеңірек мәлімет берді. Отбасы институтын нығайта отырып, өмір сапасын жақсарту үшін баспана алу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтып берді.

«Өз үйім – өлең төсегім» деп текке айтылмаса керек. Баспанасы бар адамның беркесі бар. Сондықтан да шаңырақ көтерген әрбір отбасы тұрғын үй алудың жолын қарастырады. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер аз емес. Мәселен, Атбасар ауданы бойынша 994 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 25-і көпбалалы отбасы. Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік үй көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған   отбасыларға берілді.

Аудандағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Nur Otan» партиясы көппәтерлі үйлердің құрылысын салуды  мақсат етіп отыр:

– Аумағы 32 мың шаршы метрді құрайтын бес 100 пәтерлік үйді салуды көздейді. Осылайша, 500 отбасыны баспанамен қамтуға болады;

– Жыл сайын 4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру;

– Жоғарыда айтылған көппәтерлі үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу;

– Жиырма төрт 45 пәтерлік үйлерді (жалдамалы – 18, несиелік – 6) салу;

– Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік көпқабатты үйдің жобалық сметалық    құжаты дайындалып жатыр.

– 69 жеке үй салу үшін де құрылыс жоспарланған;

– Атбасар қаласындағы қан орталығының бұрынғы ғиамаратын қайта жөндеуден өткізіп, медицина қызметкерлері үшін баспана ретінде беру.

Н.Рахимов Атбасар қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Ампилова Антонина Васильевнаның үйіне де барып, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттері жайлы айтып берді. А.Ампилова 38 жыл медицина саласында еңбек етті. Оның 35 жылын жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының фельдшері болып тер төкті. Он бір жыл бұрын зейнетке шықты. Нұржан Бектұрғанұлы «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өйткені бұл партия барлық азаматтар үшін ашық! Партия әрбір тұрғынды бағалайды және бірге оң жетістіктерге жететініне сенімді!

«Nur Otan» партиясына дауыс бер! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясы Атбасар ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img