spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

«Nur Otan»-ды қолдау – болашақты ойлау!

Сондай-ақ...оқыңыз

Жұмыссыздар санын азайту, жергілікті жерлерде шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсетіп, дамыту, өндірістік кәсіпорындарды ашу арқылы халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Осы және басқа да маңызды мәселелерді назарына іліп, бұландылықтармен жылы сұхбат құрған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер Павел Безвербный үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда.

Қойнауы бай, төскейі құт Бұланды жеріне атбасын тіреген нұротандық үміткер партияның Бұланды аудандық аумақтық филиалында азаматтардың жеке қабылдауын жүргізіп, тұрғындар тарапынан көтерілген тұрақты жұмыс орнын табу мәселесін бақылауға алды. Әрі қарай Павел Николаевич Макинск қаласындағы «Satti» супермаркетіне кіріп, ондағы қызметкерлер мен сатып алушылармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жайында айтты. Бұландылықтар көрнекі үгіт-насихат материалдармен танысып, аудан қонағына ізгілік танытты.

Елдің көркеюі – ауылдың көркеюімен тығыз байланысты деген шындықты жадынан шығармайтын үміткер ауыл тұрғындарын да назардан қалдырмады. Сайлауалды насихат мақсатында ол Тоқтамыс және Вознесенка ауылдарынан барып, ауыл тұрғындарының мұңы мен мұқтажын тындап, барлық түйткілді мәселелер уақытымен өз шешімін табыры сөзсіз деп жігер берді. Өйткені, «Nur Otan» партиясы шалғайдағы елді-мекендерді де назарсыз қалдырмайтыны даусыз. Мәселен, «Nur Otan» партиясының Бұланды аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына жүгінсек, 6 ауылдық елді мекенде 64 км сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және 8 ауылда 64,5 км су құбырының құрылысы жоспарланып отыр.

Жақсылықтың жаршысы болып, қарапайым халықтың күнделікті тіршілігімен танысайын деген Павел Николаевич Тоқтамыс ауылындағы көпбалалы Нұрмұхановтар отбасына барып, жағдайларымен танысты, ал Вознесенка ауылдағы көп жылдан бері көтеріліп жүрген көпір мәселесіне қолынан келгенше көмегін аямайтынын айтып, ауыл тұрғындарына адал еңбек пен болашаққа деген зор сенімі мен үміті үшін алғысын білдірді.

Бірлік бар жерде тірлік бар деген халқымыздың даналығын ескере, осындай боямасыз, еркін кездесулерден кейін қарапайым халық бір көтеріліп қалғандай болады, өйткені әрбір азамат өзіне деген қамқорлықты сезінуі абзал. Ал саяси беделі басым «Nur Otan» партиясы халық мүддесі үшін жұмыс жасауға дайындығын шын мәнінде дәлелдеген партия.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img