spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Кәсіпкерлерді қолдау және қорғау – «Nur Otan» партиясының негізгі міндеттерінің бірі

Сондай-ақ...оқыңыз

22 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихатына депутаттықа үміткерлер Нұрлан Елесбайұлы Махамбетов, Дина Амангелдіқызы Ақышева және Мария Всеволодовна Живень Степнякта орналасқан «ҚазГер құс» құс фабрикасына барып, үгіт-насихат кездесуді өткізді. «ҚазГер құс» Қазақстандағы тауық жұмыртқасын өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады.

«Біржан сал ауданының экономикасында жетекші рөл ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге тиесілі. Аудан экономикасының жалпы көлемінде ауыл шаруашылығының үлес салмағы 44,5%, өнеркәсіп – 50,2%, басқа салалар – 5,3% құрайды. Ауданда кәсіпкерлік секторы белсенді дамуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 26%-ға артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті», – деді Нұрлан Елесбайұлы өз сөзінде.

«Кәсіпкерлерді одан әрі қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде кемінде 4 жобаны субсидиялау, жылына 1 жобаға кепілдік беру және өтеусіз негізде кемінде 1 грант беруге қол жеткізеді. Жыл сайын 30 шағын кредит қатысушыға 30 мемлекеттік грант бөлу және «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығы, қайта өңдеу, қызмет көрсету саласында жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 50 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қол жеткізеді. «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша кемінде 3 жобаны жыл сайын несиелеу және «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 50 адам оқытуға партия қол жеткізеді.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Дина Ақышева.

«Біздің партия аудан тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді дұрыс таңдау жасауға және сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз», – деп айтты соңында Живень Мария.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы  Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img