Атбасар аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер «Лана» ЖШС-нің жұмыскерлерімен диалог алаңын құрды. Олар кәсіпорын жұмысшыларын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдрламасының негізгі мақсаттарымен таныстырды.
Құрылыс мекемесінің жетекшісі Р. Зарахов халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселесі бойынша сөз сөйледі. Бұл мақсатта партия 29 көппәтерлі үйдің құрылысын жүргізуге атсалысатын болады. Барлығы 1580 пәтер, оның ішінде 810-ы жалдамалы, ал 270-сі несиеге берілсе, 69-ы жеке тұрғынүй болады. Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаты жасалынуда. Қан орталығының ғимаратын жөндеуден өткізіп, медицина қызметкерлеріне баспана ретінде беру, орталық қазандықты қайта жөндеуден өткізу және жылу жүйелерін салу жоспарда бар. Ауданның төрт ауылында сумен қамту нысандарын, Атбасар қаласына қарасты Степной ауылындағы насостық станция мен таза су резервуарын қайта жаңғырту жоспарланған.
Жол – әрбір ауданның артериясы деп текке айтылмаған. Депутаттыққа үміткер М.Токарев қаланы көріктендіру, абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары мен жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жайлы айтып берді. Бұл жұмыстардың барлығы да «Nur Otan» партиясының басшылығымен жүзеге асып отыр. Сонымен қатар, еліміздің бас партиясы тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын қымбаттатпау мақсаты қойылған. Бұл ретте жыл сайын кем дегенде 10 ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілмек.
№5 мектеп директоры Ш.Баймағанбетова «Лана» ЖШС жұмыскерлері алдында сөйлеген сөзінде ауыл халқының өмірінде жақсы өзгерістер көп, дәлірек айтқанда мектепке ағымдағы жөндеуден өткізілді, ал келесі жылы күрделі жөндеу жасалады. Кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істеп келеді, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Егер жұмыс болса, әрбір отбасында береке мен амандық болатыны даусыз. «Nur Otan» партиясы аудан экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жалақының өсуіне бар күш-жігерін салуда.
«Nur Otan»-ға дауыс бер!Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясы Сайлау қорының Ақмола облысы Атбасар ауданының қаражатынан төленді