spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Fingramota Online»: жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы 26 наурыздан бастап қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел желіні іске қосты.

Жедел желі арқылы қазіргі күнге азаматтардан қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде карантин кезеңінде кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат алу, қашықтан банктік қызмет көрсету мәселелері бойынша 23 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және өңделді.

Халықтың қаржы реттеушісімен өзара іс-қимылы мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.05.2020 жылғы №338 Қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Агенттік 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобильді қосымшаны іске қосты. Бұл қаржы реттеушісінің халықпен және бизнеспен өзара іс-әрекетінің ыңғайлы құралы. Осы мессенджер арқылы қаржы реттеушісіне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және өзге де ұйымдардың қызметі, қаржылық сауаттылықты арттыру, Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру және басқа да мәселелер бойынша 1800-ден астам сұрақ келіп түскен.

«Fingramota Online» қосымшасына желтоқсан айында жиі келіп түскен сұрақтардың жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Сұрақ: Интернетте өте жақсы пайызбен қаражатты инвестициялауды ұсынатын компаниялардан көптеген жарнама орналастырылған. Сонда бұл депозитпен салыстырғанда өте тиімді болғаны ма. Бұлар алаяқтар немесе қаржы пирамидалары болу мүмкін ба?

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! Бірінші, қандай мәселеге назар аудару керек – тіркелуі және белгілі бір қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы. Егер ұйым Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмесе, оған ақша салу тәуекелі өте жоғары болады.

Егер кірістілік туралы айтатын болсақ, онда жоғары (нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары) кірістілік – бұл алаяқтық схемаларының ықтимал белгілерінің бірі.

Қаржы пирамидаларының бірнеше белгілері бар, оларға назар аудару керек, олардың негізгілері:

  1. Міндетті кіріс жарнасы;
  2. Төлемдер алу үшін жаңа қатысушыларды тарту;
  3. Кейіннен басқа салымшылар салған ақшадан жаңа қатысушыларға сыйақы төлеу;
  4. Салынған қаражаттан негізсіз жоғары кірістілікке уәде беру;
  5. Салынған қаражаттың сақталуына кепілдіктің болмауы;
  6. Ұйым қызметінің түрі анықтамасының, оның жарғысының, ресми тіркелуінің болмауы;
  7. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандай да болсын ақпараттың болмауы;
  8. БАҚ-ғы, интернеттегі өктем жарнама;
  9. Әртүрлі бағдарламалардың қатысушыларына қымбат сыйлықтар тапсыра отырып, ойын-сауық жарнамалық шоу-таныстырылым науқандарын ұйымдастыру;
  10. Кіріс көздерінің, қаражат айналымының, бизнес-процестердің айқын емес құрылымдары және басқасы.

Осылайша, егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілерді барлығы немесе бірнешеуі бар болса, сізді үлкен зиянға әкеп соғатын қаржы қақпанына тартуға әрекет жасап жатқан жоқ па деп ойлануыңыз керек.

 

Жауап: Кәмелетке толмаған балаға банкте депозит ашуға бола ма?

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта депозиттерді ашу бойынша тікелей шектеулер жоқ. Қазақстанның кез келген банкінде 18 жастан бастап депозит ашуға болады.

Кейбір банктер ата-аналардың немесе қамқоршылардың бастамасымен және келісімімен «балалар» депозитін ашуды ұсынады. Кәмелетке толмағандарға өз бетінше депозит ашуды тек бірнеше банк ұсынады, олар депозит ашу кезінде өздерінің ішкі ережелеріне сүйенеді. Бұл ретте, ата-аналардың және/немесе қамқоршылардың келісімі міндетті болады.

 

Сұрақ: туысқаным бизнес ашып, қарыз бойынша мені кепіл беруші болуды сұрайды. Бұл маған қандай қауіп төндіреді?

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! Сіз өз мүлкіңізді борышкердің міндеттемелері бойынша кепіл ретінде қоюға кепілдік бересіз бе? Онда сіз әрқашан келесі ықтимал тәуекелдердің басталу ықтималдығы бар екенін білуіңіз және естен шығармауыңыз қажет:

– Кепіл тоқтатылғанға дейін сіз өз мүлкіңізді басқара алмайсыз;

– Егер сіз кепіл беруші ретінде әрекет ететін борышкер банк алдындағы міндеттемені орындамаса немесе тиісінше орындамаса, онда банк кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға құқылы;

– Борышкер қайтыс болған жағдайда, қарыз туралы мәселе оның мұрагері шешкенге дейін қалады және сақталады;

– Борышкер кепіл берушіні кредитті ресімдеу үшін өзінің жеке басының мақсатына пайдаланып, кейіннен кредитті төлеу бойынша міндеттемеден қашуы мүмкін.

Кепіл беруші, егер ол борышкердің міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беруге келіссе, онда оның кепілге салынған мүлкі борышкердің банк алдындағы төлем қабілеттілігіне және адал мінез-құлқына толық байланысты болатынын есте сақтауы қажет. Көп жағдайларда борышкер қарызды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындамай, қарызды төлеу бойынша толық немесе ішінара жауап беретін кепіл берушінің бар екенін біле отырып, кредитордан қашқақтауы мүмкін.

 

Сұрақ: Жаңа жылдан кейін мен кредит алуды жоспарлап отырмын. Кредиттеудің қай мәселесіне назар аударған жөн?

          Жауап: Сәлеметсіз бе! Кредитормен шарт жасамас бұрын бірнеше кредиторлардан кредит беру шарттарын зерттеп және мыналарға ерекше назар аудару қажет:

–  қарыз беру мерзімі;

– сыйақы мөлшерлемесінің түрі: белгіленген немесе өзгермелі, сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болған жағдайда есептеу тәртібі;

– жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (ЖТСМ – клиент өтініш жасаған күндегі кредиттің нақты құны). Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі –  қарыз алушы кредиттік шарт бойынша төлейтін барлық төлемдер сомасы.  Ол төмен болған сайын кредит тиімдірек болады.  ЖТСМ шарттың талаптарында міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

ЖТСМ мөлшерін тексеру үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде кредиттік  калькулятор орналастырылған;

– ай сайынғы төлем мөлшері;

– қарыз беру талаптары және осы қызметті ұсыну туралы шарт жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі;

– өтеу әдісі. Кредитор міндетті тәртіппен балама әдістерді, ең алдымен   аннуитеттік және сараланған әдістерді ұсынуға міндетті. Бірінші жағдайда төлемдер бірдей болады, бірақ негізгі борыш  үдемелі түрде өтеледі, екіншісінде – негізгі борыш теңдей етіп өтеледі, бірақ төлем сомасы азая береді. Өтеу әдісін таңдау қарыз алушының қалауына қарай негізделмейтіндігін, сондай-ақ сұрап отырған қарыздың көлеміне және қарыз алушының оны ай сайын төлеудің қаржылық жағдайына байланысты екендігін атап өткен жөн.

– шарт бойынша міндеттемені және басқасын орындамаған жағдайда кредиттік жауапкершілік және ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат. Ең бастысы, кредиттік ұйыммен шартқа қол қоя отырып, сіз, қарыз алушы ретінде қарызды өтеу бойынша міндеттемені берешекті өтеу кестесінде белгіленген мерзімде орындауға міндетті екеніңізді еске сақтаңыз.

Сұрақ: Жақында менің банк картамды біржақты тәртіппен бұғаттап тастады. Тиісінше, мен қаражат ала алмадым. Кейін бұғаттан шығарды, бірақ менің сұрағым бар. Жалпы картаны кім бұғаттай алады, егер банк қателескен болса, банкті қалай жауапкершілікке тартуға болады?

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! Эмитент банк мынадай жағдайларда төлем карточкасын бұғаттай алады, егер:

– төлем карточкасының иесі банк менеджеріне оның жоғалғандығы, ұрланғандығы немесе рұқсатсыз пайдаланғандығы туралы хабарласа;

– «пластик» ұстаушы төлем карточкасын беру туралы шартты орындамайтын болса;

– тараптар арасындағы шартта көзделген, төлем карточкасын пайдаланудың ішкі құжаты сақталмаса.

Сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың өкімдері негізінде шығыс операцияларын жүргізуге шектеу салынуы мүмкін. Мысалы, салық төлемеу; тергеу жұмыстарын жүргізу кезінде; алаяқтық операцияларға және басқаларына күмәнді болған кезде.

Мысалы, төлем карточкасы бойынша күмәнді, күдікті операциялар жасалғанда, олардың алдын алу үшін банктер олардың жеке түрлеріне жүйелік шектеулер қоюы мүмкін. Оларды белгілеу шарттары, сондай-ақ оларды алу тәртібі төлем карточкасын шығару туралы шартта тағы да көрсетілген.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы ақпараты да шектеулерге негіз бола алады.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормаларында банктер мұндай фактілердің алдын алу және жолын кесу үшін операция күдікті деп танылған кезде оны орындау алдында ҚР ҚМ ҚМК-ке дереу хабарлауға міндетті екендігі анықталған. Күмәнді операция туралы хабарлама алған комитет, егер ол ақпарат алған кезде әлі аяқталмаған болса, оны тоқтата тұруға құқылы.

Бұл ретте, егер банктің клиенттері – ұйым немесе жеке тұлға терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе, банктер өздерінің банктік шоттарындағы шығыс  операцияларды дереу тоқтатуға міндетті.

Тыйым салуды соттар сот актілерінің негізінде және сот орындаушылары прокурор санкциялаған сот орындаушыларының қаулылары  негізінде елдің қылмыстық-процестік заңнамасында және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда көзделген тәртіппен салады.

Егер бұғаттау негізсіз болса, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өз құқықтарыңызды қорғау туралы өтініш беруге құқығыңыз бар.

Құрметті пайдаланушылар, сауалдарыңызды «Fingramota Online» қосымшасы арқылы жіберіңіздер, біздің мамандар сізге қысқа мерзімде жауап береді. Қосымшаны мемлекеттік және орыс тілдерінде мына сілтемелер:

App Store-де: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211; Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals арқылы жүктеуге болады. Сондай-ақ «Fingramota Online» веб-нұсқасы да қолжетімді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img