spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
11.9 C
Kokshetau

Петропавлда сырғанақ теуіп жарақат алған әйел көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Петропавлда сырғанақ теуіп жүріп ағашқа соғылған әйел бір апта комада жатып, бүгін таңертең көз жұмды, деп хабарлайды «Aqmola News»Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 жастағы әйел жарақат алғаннан кейін бірден облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген еді.

Комаға түскен ол бір апта есін жимастан жатты. Бассүйек жарақатын алған әйелге екі рет ота жасалды. Өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен бүгін жарақат алған әйел таңғы сағат 6.59-да қайтыс болды.

Оқиға Петропавлда мереке күндері болды. Борки кентіндегі шаңғы базасына әйел сырғанақ тебуге барған. Оның тюбингі ағашқа соғылып, әйел қатты жарақат алған еді. Петропавлдағы Борки кенті шаңғы базасындағы сырғанақ арнайы жарақтандырылмаған. Соған қарамастан мұнда қала тұрғындары отбасымен демалуға келетін. Осы оқиғадан кейін сырғанақ жабылды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img