spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда санитарлық бекеттерде белсенді жұмыс істеген медицина қызметкерлері марапатқа ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев вируспен күресуде алдыңғы шепте болып, оның таралуына жол бермеу үшін санитарлық бекеттерде белсенді жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне қала басшысының алғыс хаттарын табыс етті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Санитарлық бекеттердегі жұмыс күн-түні тоқтатылған жоқ. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер әлемдік пандемия қыспаққа алғанда алдыңғы қатарға шығып, халықты қауіптен аман алып қалуға тікелей атсалыстыңыздар. Өз бастарыңызды тәуекелге тігіп, елдің амандығын бірінші орынға қойған сіздерді бүгінгі күннің батырлары десек жарасады. Біз осындай ынтымақ, бірлігімізбен және шынайы жанашырлығымызбен бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге кәміл сенемін, – деді У.Бейсембаев құттықтауында.

Карантин кезінде нағыз ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ақ халаттылар аз емес. Медицина қызметкерлері рейд, профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен күресті.

Өз кезегінде карантин режимі аяқталмағанын, эпидемиямен күрес әлі жүріп жатқанын айтқан дәрігерлер, тұрғындарға маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керегін ескертті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика