spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Елордалық тұрғын сегіз жастағы қызын киімсіз далаға қуып шыққан

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қаласында сегіз жастағы қызды іш киіммен аяз қысқан далаға шығарып жіберген. Балаларын осылай «тәрбиелемек» болған әйелдің қатыгез әрекеті туралы бейнематериал әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды «Aqmola News».

 Баланың анасы көршісінен кір қыстырғыштарды рұқсатсыз алып кеткен балаларын осындай әдіспен жазаламақ болғанын жеткізді.

Бейне материал алдымен Facebook  әлеуметтік желісінде таралды. Дабыл көтерген желі қолданушылардың бірі Ильмира Жұмат суреттерді әлеуметтік желілерге жүктеді. Ол өз парақшасында кішкентай қыз баланың дәліздегі суық еденде іш киіммен ғана отырғанын, жалаңаяқ киімсіз күйде көшеде жүргенін жазды.

Ильмира Жұматтың айтуынша бұл қыздан бөлек аталған отбасының тағы үш баласы бар. Оқиға Қосшы селосында болған

«Осы жылдың жиырма бірінші желтоқсанында шамамен 21:20 шамасында полиция бөліміне Елорда тұрғынынан көршісінің алты жасар баласын ұрып-соғып, ал сегіз жастағы қызын іш киіммен ғана далаға қуып шыққаны туралы телефон хабарламасыт түсті. Полиция қызметкерлері балаларын қатыгездікпен «тәрбие бермек» болған 35 жастағы тұрғынды ұстады. Ол осы әдіспен балаларын жазаламақ болғанын айтқан. Балалар көршісінен рұқсатсыз кір қыстырғыштарды ойнауға алып кетіпті», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған отбасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ювенальды полициясының профилактикалық тізіміне алынған.

Қазір полиция қызметкерері мен Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық органдары балалардың заңды өкілдеріне қатысты объективті шешім қабылдау үшін оқиғаны зерттеп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика