Кредит берушімен «жасырынбақ ойнау» қажет емес. Егер кезекті төлемнің мерзімі өтіп кетсе және түрлі себептермен кейінге қалдырылса, онда Сіз дүрбелеңге түсіп, банктен жасырынуға тырыспаңыз, сондай-ақ кешіктіру фактісін елемей қоймаңыз.
- Бірінші кезекте не істеу керек?
Банкке өтініш жазу. Қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде банкке шарттың талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ мерзімін өткізіп алудың туындау себептері туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат беруге құқылы.
- Банктің жауабы қандай болады?
Өтінішті алғаннан кейін 15 күн ішінде банк ұсыныстарды қарайды және жазбаша түрде:
* ұсыныстармен келісетіні туралы;
* шарттарды өзгерту бойынша өз ұсыныстары жайлы;
* шарттарды өзгертуден бас тарту және мұндай бас тарту себептері туралы хабарлайды.
- Банкке өтініш жасаудың қандай пайдасы бар?
Банкке уақтылы жүгіну қарыз алушының оң кредиттік тарихын сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар әрі қарай банктің іс-әрекеттеріне сот тәртібімен дау айтылған жағдайда, борышкердің бұл іс-әрекеттері оның пайдасына есептелуі мүмкін.