spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығына карантин талаптары өзгеріссіз қалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде Көкшетау қаласында стационарда 380 адам коронавирус инфекциясынан  емделуде. Сонымен қатар 482 адамға амбулаторлық-медициналық көмек көрсетілуде. Соңғы мәліметке сәйкес, облыс көлемінде 6803 адам қауіпті індетті жұтырса, оның 586-сы 14 жасқа дейінгі балалар,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы бүгін  ӨКҚ-де өткен «Өңірдің эпидемиялогиялық жағдайы туралы» брифингте айтылды.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Нариман Сыздықовтың айтуынша, соңғы аптадағы көрсеткіш бойынша COVID-19-ды жұқтырудың 404 жағдайы тіркелген. Ал алдыңғы аптады бұл көрсеткіш 471-ге жеткен.

Спикердің айтуынша, соңғы аптада қауіпті індетті жұқтырудың көрсеткіші 1,2%-ға төмендеген.

Ал соңғы тәулікте облыс көлемінде 57 жағдай зертханада расталған.

Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында COVID-19-ды жұқтырудың 201 жағдайы зертханада расталды. Мектепке дейінгі мекемелерде 57 бала қауіпті вируспен ауырды,-деді спикер.

Брифинг барысында  25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында республика көлеміндегі карантин талаптарын күшейту шараларына қатысты журналистер сұрақ қойды.

Қазір облыс көлемінде эпидахуал тұрақты. 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығына арналып арнайы қаулы шығару жоспарланып жатқан жоқ. Егер жағдай бүгінгідей болса, карантин талаптары да күшейтілмейді. Дегенмен республика көлемінде барлық ұжымдық, топтық іс-шаралар мен жаңа жылды мерекелеуге тиым салынғандығын ескерте кеткім келеді. Балаларға арналған мекемелерде өткізілетін жаңа жылдық ертеңгіліктерге сол топпен күнделікті жұмыс істеп жүрген тәрбиешілері ғана қатысады. Ал ата-аналардың мұндай ертеңгіліктерге қатысуына жол берілмейді. Оларға  ZOOM арқылы видеоконференция ұйымдастыру ұсынылады,-деді спикер брифингтің сұрақ-жауап бөлігінде.

Алдағы мереке күндері мониторлық топ күшейтілген жұмыс режіміне көшіп, қоғамдық тамақтану орындарын қадағалайды. Егер қандай да бір карантин талаптары бұзылу жағдайы тіркелсе, ондай орындардың мереке мен демалыс күндері жұмысын тоқтату мәселелері қаралады.

Өкінішке орай желтоқсанның 14 мен 20-сы аралығында КВИ-нан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы брифинг барысында да айтылды. 

Спикердің сөзінше, қайтыс болғандар 1950 жылы туған әйел мен 1941 жылы туған ер адам. Зейнеткерлер Көкшетау қаласының тұрғындары еді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img