spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
18.2 C
Kokshetau

Жылдар бойы анамды іздеп келемін – Гүлнәр Мустафина

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында тұратын Гүлнәр Мустафина анасына іздеу салып келеді. Ол анасынан сәби шағынан ажырап қалған. Кейіпкерге Ресейдің «Жди Меня» хабары көмектеспек,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқиға былай болған. Гүлнәрдың әкесі Базарбай 1967-1969 жылдары Калужская облысында әскерде болып, сол жерде Татьяна есімді қызға үйленеді.

Содан соң Қазақстанға келіп, 1970 жылы Гүлнәрды дүниеге әкеледі. Ауылдағы ағайын Татьянаны  Жібек деп атайды. Бірақ көп ұзамай Гүлнәрдың анасы кетіп қалып, қайтып оралмайды. Осылайша кішкентай Гүлнарды әкесі Базарбайдың әпкесі Бибіжамал бауырына басып алады.

Тек 16 жасымда мені асырап алғанын, туған анамның орыс, әкемнің қазақ екенін білдім. Сол сәттен бастап туған анамды іздей бастадым. Менің бұл әрекетімді туыстарым қолдады,-дейді Гүлнәр Мустафина.  

Гүлнәрдің туған анасының есімі Муханова Татьяна Филипповна. Ол 1951 жылы туған.

Мені баққан Бибіжамал анам 1998 жылы дүниеден өтті. Мені тұрмысқа беріп, ешкімнен кем қылмай өсірді. Ол кісінің көзі тірісінде туған анамды іздеп, ренжіткім келмеді. Тек ол кісі қайтқан соң, алғаш рет 2003 жылы «Жди меня» хабарына хат жаздым. 3 айдан кейін мені Мәскеуге шақыртты. Бірақ ол кезде тұрмыстық жағдайыма байланысты бара алмадым. ,-дейді Гүлнәр Мустафина.

Гүлнәрдың айтуынша,  Базарбайдың әскери билетінде ата-анасының Калужская облысының, Перемышльский  ауданында некелескені жазылған. Содан соң анасының екінші рет тұрмыс құрып, тегін Шабакова деп ауыстырғанын білген. Бірақ нақты мекен-жайын табу мүмкін болмаған.

Ол осы ақпаратқа сүйеніп,  «Жди меня» хабарына хат жолдаған.

Анам да мені іздеген шығар деген үмітім болды. Егер іздемесе де, мен оған ренжімеймін. Тек бір көрсем деймін,-дейді

Кейіпкерге 2020 жылы 1 желтоқсан күні күтпеген жерден «Жди меня» хабарының редакторы Наталья хабарласыпты. Олар Гүлнарға аталған хабарға келіп қатысуын өтінген. Бұл жолы Гүлнәр келіскен. Бірақ әлемдегі эпидемиялогиялық жағдай кедергі келтіруде. 

Дегенмен, аталмыш хабар Гүлнәрдың анасын жан-жақты іздестіріп жатқан көрінеді. Гүлнәр болса 50 жылдан соң анасымен қауышатын күнді асыға күтуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img