spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Біржан сал ауданында «Есіктен есікке» акциясы өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихаттың депутаттықа үміткерлер Ақышева Дина Амангелдіқызы және Живень Мария Всеволодовна Степняк қаласында «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, қала тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында партияның жас өкілдері қала тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаламыздың инфрақұрылымын жетілдіру мен дамытуға қатысты тақырыптар мен мәселелерді талқылады.

«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында анықтады: экономикалық тұрақты аймақ; тұру үшін жайлы аймақ; әлеуметтік-бағытталған аймақ; жастар үшін аймақ; бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ; ашық және есеп беретін жергілікті органдар; қауіпсіз аймақ. Партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасалды. «Nur Otan» партиясы халық игілігі үшін жұмыс істейді және шын мәнінде жалпыұлттық саяси ұйым болып табылады», – деді Мария Живень. Мария Всеволодовнаның жасы 27-де, қалалық № 1 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Дина Амангелдіқызы Ақышева да партияның жас өкілі. Ол аудандық газеттің «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» жауапты хатшысы болып жұмыс істейді. Дина Амангелдіқызының пікірі бойынша жастар ауданның саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне белсене араласып, аудан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға тікелей атсалысуы керек. «Жастар – ел болашағы. Жаңа ұрпақ мемлекетіміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күші болуы тиіс (ауданда 2 796 жас). Ауданда жастардың табысты әлеуметтенуі, оның әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Жастар ресурстық орталығы, «Еңбекшілер жастары» ЖҚБ жұмыс істейді. Жастармен жұмыс барысында әлеуметтік лифтілер құруға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, білім беруді жұмысқа орналастыруға, өзін-өзі жүзеге асыруға баса назар аударылатын болады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді», – деді Дина Амангелдіқызы.

  «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы  Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img