spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Щучинск қаласында балаларға қол көтерген тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде кішкентай бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты қылымтысқ іс бойынша тергеу жұмыстарын бастады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

 Щучинск қаласындағы «Ағажан» шағын орталығындағы әлеуметтік желілерде пайда болған бейнематериалда тәрбиеші балақайға жәбір көрсетіп, кереуеттен жұлып тұрғызып 80-10 минут шамасында бұрышқа тұрғызғаны, отырған орындығын жұлқи тартып құлатқаны тараған.

Аталған бейнематериал Ақмола облыстық полиция департаментіне де жетіпті.

«Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің кәмелет жасына толмағандарды бақылауды жүзеге асыруға міндетті қызметкерінің әрекеті назарға алынып, сонымен қатар Щучинск қаласының тұрғынынан түскен өтінішке байланысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140 «Кәмелет жасына толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау» бабымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Аталған баптың санкциясы өз міндеттеріне жөндеп қарамай балақайға қатыгездікпен қараған тәрбиешіге 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе дәл осы мөлшерде түзету жұмыстары яки 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу және үш жылға дейін қандай да бір лауазымда қызмет ету құқығынан айыруды қарастырады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Щучинск қаласының тұрғыны Әсем Мұқұмова әлеуметтік желіге қала балабақшасында балаларға әлімжетік көрсетілгені туралы бейнебақылау камерасының жазбасын салған болатын. Қазір балабақшаға прокуратура өкілдерінің қатысуымен тексеріс басталып, балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img