Целиноград ауданы бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Аудандағы Нұресіл ауылдық округі тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізген кандидаттар өз жұмысын Талапкер ауылдық округінде жалғастырды.
Ақмола облысы маслихаты депутаттығына кандидат Алтын Қорғанқызы Ахмет, аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Мұхтар Қылышұлы Досхожин, Амангелді Шаукенұлы Қапанов, Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев, Азамат Жеңісұлы Қанапиянов, Александра Николаевна Бутакова, Салтанат Ермекқызы Жунусова үгіт-насихат кездесуінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі 7 басымдығына жеке-жеке тоқталып өтті. Кандидаттар ауданда «Nur Otan» партиясында белгіленген тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы отбасы институтын нығайту қажет деп санайды. Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1614 адам тұр, оның ішінде 219 көп балалы отбасылар.Ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір тұрғынға шаққанда 25,5 ш. м. дейін жақсарды. «Nur Otan» партиясы бұл көрсеткішті 2025 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.
Ол үшін 2025 жылға дейін біз 57 мың шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойып отырмыз. Жыл сайын 152 мың шаршы метр жеке тұрғын үйді пайдалануға беру. Жастар мен азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй беруге ықпал ету. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылы 726-дан астам кезекте тұрғандар баспанамен қамтылатын болады. Партияның халықтың өмір сапасын жан-жақты жақсартуды, халықтың таза ауыз су, сапалы жолдармен қамтылатындығын сайлауалды бағдарламасында көзделделген. Осы мақсатта атқарылар жұмыстарда аз емес. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.