spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Nur Otan»-ның бастамасымен ауданның алты мектебінде жөндеу жүргізелмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім беру саласы партияның сайлауалды бағдарламасында толық қамтылған. Егеменді еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері білім беру саласына көп көңіл бөлініп, қазіргі таңда бұл сала бәсекеге қабілетті.

Бәрімізге белгілі болғандай, «Nur Otan» партиясының басымды міндеттерінің бірі – білім сапасын арттыру. Қазіргі таңда маңызды саяси науқанның алдында тұрмыз. Әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүрген азаматтар.

Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шахман Құсайынов «Есіктен есікке» акциясы аясында Макинск қаласының тұрғындармен кездесіп, жылы сұхбат құрып, партияның сайлауалды міндеттеріне тоқталуда. Басты міндеттің бірі – ауданданның білім беру саласының дамуы. Шахман Байдүйсенұлының айтуынша «Nur Otan» партиясы білім беру сапасын арттыруға және білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгерткені рас. Сондықтан «Nur Otan» партиясының алдағы уақыттағы міндеттері: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 2025 жылға дейін 93,5% – ға дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау; педагогтардың 45% – ын жаңа аттестаттау жүйесімен қамту;

ауданның 6 мектебіне күрделі жөндеу жүргізу (2021 ж. – № 5 Макинск орта мектебінде, 2022 ж. – Балуан Шолақ мектеп-лицейі, мектеп-гимназия, 2023 ж. – № 3 Макинск орта мектебі, Журавлевка орта мектебі, 2024 ж. – Қараөзек орта мектебі); ауданның барлық 25 мемлекеттік мектебін кезең-кезеңімен химия, биология, физика кабинеттерімен жарақтандыру; бірінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз. Барлық бағытта ауқымды шаралар жасалмақ. Мәселен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары бар. Осының бәрі ел игілігі үшін, – дейді үміткер Шахман Құсайынов.

Халқыпен бірге болып, мұң-мұқтажын тыңдап үйренген Шахман Байдүйсенұлы үшін әрбір жерлесімен кездесу еркін форматтағы ашық сұхбатқа айналады. Үміткер елдегі болып жатқан жақсылықтар жайында сөз қозғап, алар асуымыз алда деп жерлестерінің жүрегені шуақ ұялататыны сөзсіз. Ең бастысы – тура бағыттан таймау.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img