spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Нақты істердің партиясына дауыс берейік…

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында үгіт  шаралары   шеңберіндегі  сапармен    Ақмола  облыстық мәслихатының  депутаттығына   кандидат  Мұрат   Балпан  болды. 

Ол  Зеренді аудандық мәслихатының  депутаттығына   кандидат   Қайрат Ауғалиев,   Руслан Абдуахитовпен   бірге   Зеренді селосында     36   пәтерлі   үйді  салып   жатқан   құрылысшылармен, Зеренді  аудандық  Мәдениет   бөлімінің, Орталықтандырылған   кітапхана   ұжымымен  кездесіп,     онда «Nur Otan»  партиясының    бүкіл ел  аумағында,  оның  ішінде   Ақмола  облысының   өңірлерінде  атқарып    жатқан    жұмыстарынан   толық көлемді   ақпарат  беріп, еліміздің  жетекші  партиясының   сайлауалды    бағдарламасымен   таныстырды.

  -«Өткен  кезеңде «Nur Otan»  партиясының  тікелей   атсалысуымен  мемлекетіміздің  барлық  өңірлерінде  көптеген  игі  істер  атқарылды, оған   өздеріңіздер   де  куәсіздер.  Дегенмен   шешілмеген   проблемалар   да   жеткілікті  деуге   болады.   Осыған   орай   болашақта   партияның   алдында  ауылдық   елді  мекендер   тұрғындарының   әлеуетін көтеру,  жұмыспен  қамтылуларына,  шағын  және  орта бизнесті  дамытуға  бағытталған  мемлекеттік  бағдарлаламалардың  орындалуына   қатысты  келелі   міндеттер   тұр.  Аталған  мақсаттарға  жету  үшін  партия  алдағы  кезеңде  де  «Бизнестің  жол картасы 2025»  бағдарламасы,  «Еңбек» бағдарламасы   бойынша  жыл сайынғы  мемлекеттік  кепілдіктер  мен  несиелер, кәсіпкерлерге   жыл   сайынғы  жеңілдетілген   несиелер   беру  тетіктерін   толық  көлемде   пайдаланылуын,  мұнымен  қатар   қажеттілігі  заман талаптарынан   туындайтын    жаңа мемлекеттік  бағдарламалардың  қабылдануына   ықпал   жасап,  нақты  жүзеге    асырылуына    атсалысатын   болады» ,- деп  атап  өтті  Мұрат Балпан.

Кездесу  соңында  Мұрат  Сағатұлы   өңірдің  алдағы  кезеңде   даму  жоспары   туралы  ақпарат, қатысушылардың  сұрақтарына  жауаптар   беріп,  олардың  жоғары    азаматтық  ұстаным   танытып,  2021  жылдың   10  қаңтарында   өтетін   сайлауға   белсенділікпен    қатысуға   шақырды. Еліміздің  жетекші  саяси  құрылымы  «Nur Otan»  партиясына  дауыс  берейік!

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау  қоры  қаражаттары   есебінен    төленді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img