Кеше облыстық мәслихат депутатына үміткер Бибігүл Қуанышқызы Кушекова Абылайхан селолық округінің орталығы Қызылағаш ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Онда ауданның жеті басым бағыты айқындалған. «Nur Otan» келесі бағытта ықпал ететін жұмыс жоспарын атап өтті.
«Еңбек бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 20 гранд пен шағын несие беру арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға» арналған бағдарламасымен таныстырды. Жұмыссыздықты жою мемлекеттің, оның ішінде «Nur Otan» партиясының басты тақырыбы. Кез-келген ауыл, қала, кент тұрғынының әл-ауқатын көтеріп, заманға сай қалыпты өмір сүру керек. Бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер ашылып, қазіргі таңда ауылдық елді-мекендегі тұрғындар түрлі кәсіптің тізгінін ұстап жұмыс істеп жатыр. «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша кемінде 23 жобаны іске асыру» қажет,-деді үміткер. Оның ішінде отандық өнімді молынан қамтып, кәсіп көзін ашып шаруасын дөңгелету әр адамның мақсатына байланысты. Мақсат айқын болған жағдайда жұмыс та оң нәтиже беріп, қиындықтардан бірге шығамыз,-деп өз сөзін Бибігүл Қуанышқызы пысықтады.
Кездесуге жиналғандар нақты батыл қадамға барып, оң шешім шығара білетін «Nur Otan» партиясына сенім артатындығын және де елдің даму жолында атқарып жатқан нәтижелі жұмыстарына көңілдері толатындығын айтып, сайлауға белсене қатысатындықтарын жеткізді.
Өзімнің өмірлік тәжірибемде кез-келген істі қолға алсам тындырып, уәдені орындауға күш саламын. Бұл менің басты қағидам. Алдағы сайлауда біздің таңдаған партиямыз «Nur Otan» жеңіске жеткен жағдайда, еліміздің бұдан әрі қарқынды дамып, экономикалық тұрғыдан биік деңгейден табылатындығына кәміл сенемін,-деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бибігүл Қуанышқызы.
«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.